Әртүрлі

Қаңтар оқиғасы туралы әннің бейнебаяны жарық көрді (ВИДЕО)

Анар Өмірзақ (Anar KZ Omirzaq) Вашингтон қаласында тұрады. Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы сырттағы қазақтарға өте ауыр тиген. Тәуелсіздікке тікелей қауіп төнгенде елмен бірге бола алмаған отандастарымыз сырт мемлекетте жиі кездесіп, қатты алаңдағанын, жырақтағы елінің тағдыры үшін ақылдасқанын айтады. Ел тұрғындары ғана емес, шетелде жүрген қазақтарда қатты күйзеліске түскен.

Анар АҚШ-қа алғаш рет 18 жасында барған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түскенімен, 1-курсында-ақ Американың оқу грантын ұтып алыпты. Жолдың қашықтығына қарамастан екі мемлекеттегі оқу орындарында кезек білім ала жүріп, қос университетті де бітіріп шыққан. Магистратура дипломын алған соң қос eлдiң арасында жұмыс iстеп, кейін Вашингтонға біржолата қоныс аударған. Оның айтуынша, Америкадағы қай саланы алып қараса да, бәсеке өте жоғары. Ал музыкант, әнші болу,  фестивальдерге қатысып, өзіңді мойындату  – мұхиттан інжу-маржан іздегендей деп санайды ол.

Ол жуырда ғана Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Қайран елім» әнін ағылшын тіліне аударып біткен. Оның айтуынша Димаштың фанаттары Америкада өте көп. Алайда олар қазақ әншісінің орындауындағы әндердің мағынасын түсіне алмай қиналады.

Pop жанрында ән жазатын Анардың негізгі жұмысы – бизнес консалтинг. Америкада сұранысқа ие бизнес-коуч атанып та үлгерген.

-->

Пандемия кезінде Қазақстандағы көптеген танымал адамдар, өнер, қоғам қайраткерлері де қайтыс болды. Сол кезде жұбату әнін шығардым. Осындағы және елдегі адамдарға жұбаныш болсыншы деп ойладым. Ұзаққа жалғасқан, адамдарды күйзеліске түсірген пандемиядан соң қаңтар оқиғасы болды. Сондықтан еліме, алыстағы халқыма көңіл айтқым келді. Көңіл айтуды, жұбатуды бейнебаян арқылы жеткізгім келді. Қазағымды қолымнан келгенше жұбатып, дем бергім келеді, – дейді Анар Өмірзақ.

Анар АҚШ-қа алғаш рет 18 жасында барған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түскенімен, 1-курсында-ақ Американың оқу грантын ұтып алыпты. Жолдың қашықтығына қарамастан екі мемлекеттегі оқу орындарында кезек білім ала жүріп, қос университетті де бітіріп шыққан. Магистратура дипломын алған соң қос eлдiң арасында жұмыс iстеп, кейін Вашингтонға біржолата қоныс аударған. Оның айтуынша, Америкадағы қай саланы алып қараса да, бәсеке өте жоғары. Ал музыкант, әнші болу,  фестивальдерге қатысып, өзіңді мойындату  – мұхиттан інжу-маржан іздегендей деп санайды ол.

Патриоттық және лирикалық әндер жазамын. 18 жасымда ағылшын тілін еркін меңгерген соң, өлеңдерді сол тілде де жаза бастадым. 7 жасымнан бастап қазақ-орыс тілінде өлеңдер шығардым. Әкем опера әншісі еді, менің он жасымда қайтыс болып кетті. Атам да жырау болған. Өнер маған сол кісілерден дарыған шығар. Қазақ әдебиетіндегі фольклорды пайдаланып «Жұбату» әнін жаздым. Басқа әндерімнiң сөзін де, музыкасын да өзім жаздым,-дейді әнші.