Әртүрлі

Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өтпейді – БҒМ

Сондай-ақ аталған ведомстводан әскери киім мен атрибуттарды қолданып, театрландырылған көрініс қоюдың қажет еместігі айтылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Биыл Жеңіс күні әскери парад өткізілмейді – Қорғаныс министрлігі

-->

Мектептерде 7 және 9 мамырда аталып өтетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өткізу жоспарланып отырған жоқ, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ аталған ведомстводан әскери киім мен атрибуттарды қолданып, театрландырылған көрініс қоюдың қажет еместігі айтылды.

Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді, – дейді баспасөз қызметі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Биыл Жеңіс күні әскери парад өткізілмейді – Қорғаныс министрлігі