Әртүрлі

Конституцияға енгізілетін түзетулер өлім жазасын жоюды көздейді – министр

Министрдің айтуынша, Президенттің өкілеттігін қайта қарау және оның өкілеттігін орындау кезеңінде Президент қызметінде болуына байланысты қосымша шектеулер енгізу жоспарланған. Мысалы, Президент саяси партияға мүшелігін тоқтатуға міндетті болады, ал оның жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметшілер және квазимемлекеттік сектор басшылары лауазымдарын атқаруға тыйым салынады.

Конституцияға түзетулерді әзірлеу бойынша жұмысты осы жылдың сәуір айының соңына дейін аяқтау, ал биыл маусым айының соңына дейін оларды қабылдау жоспарланған.

-->

Парламенттің депутаттық корпусын қалыптастыру тәртібін, Парламент пен оның Палаталарының заңдар қабылдау және басқа да мәселелер жөніндегі құзыретін қайта қарау; адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Прокуратура органдарының және құрылатын Жоғары аудиторлық палатаның қызметін регламенттеу; жаңадан құрылатын Конституциялық соттың мәртебесі мен өкілеттіктерін регламенттеу көзделген. Мысалы, адам құқықтары жөніндегі уәкілге, Бас прокурорға және азаматтарға адамның конституциялық құқықтары бұзылған жағдайда Конституциялық сотқа жүгіну құқығы берілетін болады. Сонымен қатар, өлім жазасын жою», - деді Қ.Мусин. 