Әртүрлі

Ираннан Қазақстанға ұшатын рейстер қайта ашылады

Ұшу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асады.

-->

Биылғы 20 сәуірден бастап ирандық «Kish Air» әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық ұшуды орындауды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады, – делінген хабарламада.

Ұшу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асады.