Әртүрлі

АҚШ тұрғыны кездейсоқ түймені басып қалып 10 млн доллар ұтты

Лакедра Эдвардс бірнеше лотерея билетін сатып алмақшы болып супермаркетке кіреді. Сөйтіп 40 долларды автоматқа салады. Бірақ сол тұстан өтіп бара жатқан ер адам оны итеріп жібергенде, әлгі әйел өзі басайын деп тұрған түймені емес, 30 долларлық басқа түймені басып жібереді. Бұдан соң көңіл-күйі түскен әйел көлікке оралып, билеттің қорғаныш қабатын өшіргенде, бас жүлде – 10 млн доллар ұтқанын көреді. 

Ұтып алған ақшаға Эдвардс жаңа үй сатып алып, коммерциялық емес ұйым құрғысы келеді. Ал өзі билет сатып алған супермаркетке 50 мың долларды сыйға тартады.

-->

Әуелі бұған сенбедім. Жолға шыққаннан кейін қайта-қайта билетке қарай бергенім сонша, көлікті соғып ала жаздадым. Ақыры жолдың шетіне тоқтап, билетті мобильді қосымшаның көмегімен сканерледім. «Мүмкін емес, мүмкін емес» деп қоямын. Негізі әлі де сене алмай отырмын, – дейді әйел. 