Павлодарда құны 23 млн болатын есірткі өртелді
Белгілі болғандай, жойылған есірткінің құны 23 миллион теңгені құрайды.
Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаевтың айтуынша, сот үкіміне сәйкес барлық дәлелдемелер жойылуы қажет.
Комиссия бірқатар қылмыстық істер бойынша қаралып жатқан есірткіні өртеп жіберді. Биыл ауырлығы әртүрлі дәрежедегі есірткіге байланысты 22 қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданған. Заңсыз айналымнан 24 кг астам есірткі құралы мен психотроптық заттар алынды. Полиция департаменті есірткінің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.
Есірткінің заңсыз айналымы фактілері туралы азаматтар 8 (7182) 39-10-38 немесе 102 сенім телефонына хабарлай алады немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдаланған жөн.
-->Белгілі болғандай, жойылған есірткінің құны 23 миллион теңгені құрайды.
Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаевтың айтуынша, сот үкіміне сәйкес барлық дәлелдемелер жойылуы қажет.
Айта кету керек, сот үкімі бойынша қылмыстық істер бойынша барлық заттай дәлелдемелер жойылуға тиіс. «Көк шөптің» өзі және оны дайындауға арналған құрылғылар да, – деді М. Оңғарбаев.