Әртүрлі

«Астана Операда» ерекше балаларға арналған қайырымдылық концерті өтті

Концертке қатысушылардың бірі – вокалмен кәсіби түрде айналысатын керемет таза дауыс иесі, 3-сынып оқушысы Дарын Әжмолдаев. Ол неаполитандық «Santa Lucia», Н.Жақыптың «Әке-Ана» әндерін, сондай-ақ басқа да шығармаларды орындады. 

Балаға 4 жарым жасында аутизм диагнозын қойылған екен, 6 жасқа дейін тілі шықпапты, алайда үнемі музыка тыңдапты. Мінез-құлықты түзетудің тиімді әдістемесінен өту нәтижесінде Дарын зор жетістіктерге қол жеткізген: алдымен ән айтып, сосын сөйлеп те кеткен. Бүгінде Дарын вокал мектебінде дайындалып жүр, ол республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, «Үркер» аула клубындағы «Балауса» балалар инклюзивті хорының құрамында ән айтады.

Хорға қатысатын өзге балалар да К.Байсейітова атындағы Камералық залдың сахнасына шықты. Халид Харсиев ингуш халық әні «Лорса лиданы» шырқаса, Ернұр Тұрмаханбетов А.Бахановтың «Асыл ана» шығармасын орындады, сондай-ақ  Ясмин Бектеубаева, Даниял Жуасов, Нұрым Нарымбаев секілді басқа да жас әртістер өз өнерлерін ортаға салды.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Abaqus-daryn» білім қорының құрылтайшысы Шынар Әжмолдаеваның айтуынша, шығармашылықпен шұғылдану балаларға қоғаммен біте қайнасуға көмектеседі.

Соңғы 7 жылда аутизмге шалдыққан қазақстандық балалар саны 5 есе өсті. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының мәліметінше, былтыр аутистикалық спектрдің бұзылыстары анықталған 4,8 мыңнан астам науқас динамикалық бақылауда тұрған. Шарамыздың негізгі мақсаты – аутизмі бар балалардың әнді керемет айта алатынын, билеп, сурет салатынын, өз қолымен бұйым жасап, музыкалық аспаптарда ойнайтынын көрсету болатын, – деп атап өтті ол. 
Балалардың шығармашылығын қолдау үшін К.Байсейітова атындағы Камералық залдың сахнасына «Астана Опера» солистері Назым Сағынтай мен Ержан Саипов шығып, «Дархан дала» әнін дуэт болып айтты, сондай-ақ қазақтың халық әні «Гүлдерайымды», Р.Леонкаваллоның «Mattinata» әнін, В.А.Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» операсынан Граф Альмавиваның ариясын шырқады. 

Арнайы музыкалық кештің қонақтары үшін «Аутизмі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасы өмірінің бір күні» атты фотокөрме және аутистикалық спектрдің бұзылыстары бар балалардың қолымен жасалған бұйымдар мен суреттер экспозициясы дайындалып, театр фойесінде орын тепті.

-->

Биылғы Балалар жылында өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлгіміз келеді. Сондықтан театр өнер ордасының қабырғасында жас дарындардың қатысуымен қайырымдылық концертін өткізу туралы бастаманы қуана қолдады. Музыканың емдік күші оларға кеселмен күресуге, тұлғаның жаңа қырларын ашуға мүмкіндік беріп, шығармашылық әлеміне сүңгуге көмектеседі. Концертке көрермен көптеп жиналып, жас әртістердің бастамасын қолдағандарына шын қуаныштымыз. Оларды алда жаңа табыстарға толы үлкен шығармашылық өмір күтеді деген үміттеміз, – деді «Астана Опера» директорының орынбасары Айжан Құрманғалиева. 

Концертке қатысушылардың бірі – вокалмен кәсіби түрде айналысатын керемет таза дауыс иесі, 3-сынып оқушысы Дарын Әжмолдаев. Ол неаполитандық «Santa Lucia», Н.Жақыптың «Әке-Ана» әндерін, сондай-ақ басқа да шығармаларды орындады. 

Балаға 4 жарым жасында аутизм диагнозын қойылған екен, 6 жасқа дейін тілі шықпапты, алайда үнемі музыка тыңдапты. Мінез-құлықты түзетудің тиімді әдістемесінен өту нәтижесінде Дарын зор жетістіктерге қол жеткізген: алдымен ән айтып, сосын сөйлеп те кеткен. Бүгінде Дарын вокал мектебінде дайындалып жүр, ол республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, «Үркер» аула клубындағы «Балауса» балалар инклюзивті хорының құрамында ән айтады.

Хорға қатысатын өзге балалар да К.Байсейітова атындағы Камералық залдың сахнасына шықты. Халид Харсиев ингуш халық әні «Лорса лиданы» шырқаса, Ернұр Тұрмаханбетов А.Бахановтың «Асыл ана» шығармасын орындады, сондай-ақ  Ясмин Бектеубаева, Даниял Жуасов, Нұрым Нарымбаев секілді басқа да жас әртістер өз өнерлерін ортаға салды.

Елордадағы Ильинка тұрғын алабында ерекше балаларға арналған екі орталық бар, соның бірі – «Үркер» аула клубы, мен сондағы инклюзиялық хордың жетекшісімін. Орталықта 20-25 шақты ерекше бала бар. Музыка арқылы олардың дертті еңсеруіне, бойындағы талантының ашылуына көмектесемін. Бүгін сол балаларымыздың үлкен сахнадағы өнерін тамашалап, риза болып отырмын. Балалардың потенциалын ашуға барынша күш салған олардың ата-аналарына алғысым шексіз, – дейді музыкалық терапевт Ләззат Хамзина.