Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады
Алдағы демалыс күндері батыстан атлантикалық циклон ығыса бастайды. Бұл негізінен жауын-шашын және елдің батысы мен солтүстігінде желдің күшеюіне әкеледі. Республиканың қалған бөлігінде, көтеріңкі қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
-->Алдағы демалыс күндері батыстан атлантикалық циклон ығыса бастайды. Бұл негізінен жауын-шашын және елдің батысы мен солтүстігінде желдің күшеюіне әкеледі. Республиканың қалған бөлігінде, көтеріңкі қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі деп болжанады: батыста +15+23 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында +8+18 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстігінде +17+25 градусқа дейін жетеді, - делінген хабарламада.