Бурабайдан адам сүйектері табылды
Полиция атап өткендей, қазірде осыған байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалған.
-->Биыл 29 наурызда Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне Мәдениет ауылында жаңадан салынып жатқан ғимараттың құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектері табылғандығы туралы хабар түсті. Айтылған жерге дереу полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары барысында адамның сүйегіне ұқсас 18 сүйек табылды, – деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.
Полиция атап өткендей, қазірде осыған байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Анықталғандай, сүйек қалдықтары табылған жерде шамамен 35-40 жыл бұрын жеке тұрғын үй болған. Қазіргі уақытта осы учаскеде «Бурабай МҰТП Золотобор орманшылығы» ғимаратының құрылысы жүргізілуде, – деді ПД баспасөз қызметінен.