Әртүрлі

«Жаман» жаңалықтарды көп оқу ағзаға қалай әсер етеді

Massaget.kz порталының жазуынша, үнемі «жаман» жаңалықтар оқу созылмалы күйзеліс туғызады.

Күйзеліс — адам үшін үйреншікті сезім. Оны арасында бастан өткеру – қалыпты құбылыс. Бұл қысқамерзімді эмоция әдетте жылдам кетеді. Мұндай күйзеліс адамға қауіпті жағдайды бақылауға көмектеседі. Ол бір апта немесе одан да ұзаққа созылса, оны созылмалы күйзеліс деп атайды. Әлсін-әлсін қорқынышты жаңалықтар оқу осы созылмалы күйзелісті тудырады. Сіз оған үйреніп кетсеңіз, ол қауіпті психикалық проблемаға айналады.

Үнемі «жаман» жаңалықтар оқудан кортизол гормоны бөлінеді.

Дене күйзеліске гормондар бөлу арқылы әсер береді. Бұл гормондар бастапқыда миыңызды өткір әрі сергек етеді, бұлшықеттерді тонусқа келтіріп, жүрекке көбірек қан жібереді. Бұл реакциялар қысқа мерзімді түрде жақсы. Дене осылай қорғанады. Алайда күнделікті негатив жаңалықтарға әсер беру кезінде осы реакциялар кортизол деңгейінің артуын шақырады. Бұл гормон бүйрек үсті безінде түзіледі және тікелей артериялық қысым мен зат алмасуға әсер етеді. Нәтижесінде жоғары қан қысымы, жүрек жеткіліксіздігі, ас қорытудың бұзылуы, семіздік және тіпті, диабет пайда болуы мүмкін.

Үнемі «жаман» жаңалықтар оқудан есте сақтау қабілеті нашарлайды.

Дәрігер Элмер Уэрттің зерттеуі бақылаусыз ақпараттық негативтен пайда болған күйзеліс адамның есте сақтауына әсер ететінін көрсеткен. Соның ішінде, ол «кеңістіктік есте сақтауға», яғни, біздің кеңістіктегі заттарды табу және байланыстыру қабілетімізге жауап беретін есте сақтау типіне әсер етеді. Кеңістіктік есте сақтаудың өзгеруінің қарапайым мысалына үйдің немесе көліктің кілтін қай жерге қойғанымызды ұмытып қалуды жатқызуға болады. Созылмалы күйзеліс қаншалықты ұзақ созылса, есте сақтау соншалықты қысқа бола түседі. Ми құрылымының бұлай өзгеруіне де кортизол кінәлі.

-->