Әртүрлі

Жапон ғалымдары роботқа банан аршуды үйретті

Токио университеті мамандарының пікірінше, заманауи роботтарға лампаны орнату, жемісті аршу секілді адам жасай алатын көп қарапайым әрекетті орындау қиынға соғады. Роботты банан қабығын аршуға үйрету үшін Хичхоль Ким есімді ғалым осы процесті егжей-тегжейлі сипаттайтын машиналық оқыту моделін жасап шығарды. Бұл тапсырма бананды қолға алудан бастап қабығын аршуға дейінгі тоғыз кезеңнен тұрады.

Кимнің айтуынша, жемістердің формасы күрделі, сондықтан машиналар көбіне бұл тапсырманы орындай алмайды. Нейрожеліге осы тапсырманы орындату үшін инженер жүздеген бананды аршып, 811 минут видео түсірген.

Сынақ барысында робот 57% жағдайда бананның қабығын сәтті аршыған. Толық процесс шамамен үш минутқа созылады. Мамандардың ойынша, машина өте қысқа уақыт ішінде бұл дағдыны игерген. 

Болашақта ғалымдар роботқа басқа күрделірек жемістер мен көкөністерді аршуды үйретпекші.

-->