Әртүрлі

Отандық автонарықта Қытайдың көліктері көбеюі мүмкін

Автосарапшы Алексей Алексеевтің айтуынша, Ресейдегі Фольксваген, Лада, Рено маркалы көліктерді шығаратын зауыттар жұмысын тоқтатқаннан кейін көрші мемлекеттің азаматтары көлікті Қазақстаннан сатып алып жатыр. Ал бұл жағдайды Қытайдың көлік зауыттары барынша ұтымды пайдалануға тырысады. Өйткені, олар тапшылық туындаған көлік нарығына өз өнімдерін жеткізуді көздейді.

Мамандар Қытай көліктері Қазақстан нарығында көбейсе, ол темір тұлпарлар көпшіліктің сұранысына ие болатынын топшылап отыр. Оның өзіндік себебі бар екен.

-->

Ресейдегі қазіргі жағдайға байланысты Қазақстанда көлік тапшылығы болып жатыр. Менің ойымша, елдегі көлік нарығында Қытай машиналары жақын арада көбейеді. Олар осында құрастырылып, отандық өнім болып тұтынушыға ұсынылуы да мүмкін, – дейді Алексеев.

Мамандар Қытай көліктері Қазақстан нарығында көбейсе, ол темір тұлпарлар көпшіліктің сұранысына ие болатынын топшылап отыр. Оның өзіндік себебі бар екен.

Қазақстандағы тұтынушылар Қытай көліктеріне ақырындап сене бастады. Менің ойымша, Қытай долларға бағынышты емес. Сондықтан, олар бағаны жиі көтере бермейді. Ендеше, арзан әрі қолжетімді өнімді неге алмасқа, – дейді автожурналист Роман Масленников.