Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны өтіп жатыр
Қарағанды гарнизоны, Абай ауданындағы жергілікті әскери басқару органына аталған ауданға қарасты ауылдық округтерден азаматтар медициналық және психологиялық тестілеуден өтуге келеді. Жарамды деп танылған азаматтар облыстық жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі.
Өз еркімен әскер қатарын толықтырғысы келетін жастардың да қарасы көп. Бәрінің мақсаты – Отан алдындағы борышын өтеу, еліне қорған болу. Солардың бірі әскерге шақырту алған Ерасыл, бүгін медициналық комиссиядан өтуге келді. Жасы он тоғызда. Әзірге дәрігерлер Ерасылдың денсаулығынан бір мін таппады. Егер облыстық комиссиядан сүрінбей өтсе, ол Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатарын толықтырғысы келеді.
Айта кетейік, әскерге шақыру науқаны 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Төрт ай ішінде Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18-27 жас аралығындағы жасөспірімдер толықтырады.
Әскерге шақырылушы жігіттер жігерлі. Олар Отанды қорғауда осал болмау керек дейді. Өйткені ел тыныштығын қорғау өздерінің қолында екенін жақсы біледі.
-->Қарағанды гарнизоны, Абай ауданындағы жергілікті әскери басқару органына аталған ауданға қарасты ауылдық округтерден азаматтар медициналық және психологиялық тестілеуден өтуге келеді. Жарамды деп танылған азаматтар облыстық жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі.
Өз еркімен әскер қатарын толықтырғысы келетін жастардың да қарасы көп. Бәрінің мақсаты – Отан алдындағы борышын өтеу, еліне қорған болу. Солардың бірі әскерге шақырту алған Ерасыл, бүгін медициналық комиссиядан өтуге келді. Жасы он тоғызда. Әзірге дәрігерлер Ерасылдың денсаулығынан бір мін таппады. Егер облыстық комиссиядан сүрінбей өтсе, ол Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатарын толықтырғысы келеді.
Менің әкем де, ағаларымда әскерге барған. Облыстық медициналық комиссиядан өту қалды. Ол жерден сәтті өткеннен кейін Десанттық-шабулыдау қатарына қосылуға әзірмін. Әр азамат Отан алдындағы борышын өтеуі керек, - дейді Әскерге шақырылушы Ерасыл Сағындықов.
Айта кетейік, әскерге шақыру науқаны 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Төрт ай ішінде Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18-27 жас аралығындағы жасөспірімдер толықтырады.
Бізден сараптамадан тоғыз медициналық маманнан өтеді. Егер барлығынан жарамды деп танылса, облыстық жинақтау пунктіне жіберіледі. Ол жерде облыстық медициналық бақылаудан өтіп, «әскерге жарамды» деген шешім қабылданса әрі қарай әскер қатарына шақырылады. Бізде жылына көктемгі және күзгі уақытта әскер қатарына шақырылады. Көктемде ауданнан 65-ке жуық бозбала жіберіледі деп жоспарлануда, - деді Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілі майор Мейрам Шойынбеков.
Әскерге шақырылушы жігіттер жігерлі. Олар Отанды қорғауда осал болмау керек дейді. Өйткені ел тыныштығын қорғау өздерінің қолында екенін жақсы біледі.