Әртүрлі

Елордалық оқушы өзінің каратэ клубын ашуды армандайды

Ең алғаш каратэге қызығу­шылығы балабақшада бас­талған.

Аңсардың айтуынша, киокушинкай каратэнің ең басты ерекшелігі – тәртіп.

Негізі, каратэнің бұл түрі басқаларына қарағанда басқаша. Мұнда ұпай жинау бойынша ерекшелік бар. Яғни соққының тиімділігіне сай ұпай беріледі. Мысалы, бокста нокаутқа бір ұпай берілетін сияқты, соққың ерекше болса, жоғары ұпай алуға мүмкіндік бар. Ал жай соққыға ұпай берілмейді.

Ол бос уақытында сурет салғанды ұнатады. Қиялдап, армандағанды жақсы көреді.

Аңсар болашақта кио­кушинкай каратэ бойынша өз клубын ашуды армандайды.

Сынып жетекшісі Бақытгүл Мейірманованың айтуынша, Аңсар сабақтан себепсіз қалмайды.

Айзада Жайыққызы

-->

Ең алғаш каратэге қызығу­шылығы балабақшада бас­талған.

Бір ағай балабақшаға келіп, осы спорт түрінен мастер-класс өткізген еді. Соған қызығып, каратэ туралы іздене бастадым. Кітаптар оқыдым, кинолар қарадым. Бұл талабымды әкем байқап, 6 жасымнан бастап қатыстырды. Каратэмен айналысу арқылы өзімді қорғай аламын. Сол арқылы өзіме деген сенімділік қалыптасты. Бұдан бөлек, Отанымды, отбасымды қорғау үшін де физикалық тұрғыдан мықты болу керек. Анам мен әкем каратэмен айналысқаныма үнемі қолдау білдіріп отырады, – дейді ол.

Аңсардың айтуынша, киокушинкай каратэнің ең басты ерекшелігі – тәртіп.

Негізі, каратэнің бұл түрі басқаларына қарағанда басқаша. Мұнда ұпай жинау бойынша ерекшелік бар. Яғни соққының тиімділігіне сай ұпай беріледі. Мысалы, бокста нокаутқа бір ұпай берілетін сияқты, соққың ерекше болса, жоғары ұпай алуға мүмкіндік бар. Ал жай соққыға ұпай берілмейді.

Бұл спорт түрінде бір жаттығуды қайталап жасау арқылы тәртіпке үйреніп келеміз. Сол арқылы өзімді жігерлі, қайсар мінезді болуға тәрбиеледім десем болады. Біз жаттығу кезінде де, жарыс кезінде де ақ түсті кимоно киеміз және жинақы болып тұруын қадағалаймыз, – дейді Аңсар.

Ол бос уақытында сурет салғанды ұнатады. Қиялдап, армандағанды жақсы көреді.

Мектепте ең сүйікті пәндерім – география және көркем еңбек. Бос уақытымда сурет саламын. Одан бөлек комикстар оқимын. Дэдбул, Гарри Поттер туралы комикстар есімде қатты сақталды. Мұнда қиял-ғажайыптар көп, армандауға үйренесің. Сол үшін комикстарды жақсы көремін, – дейді дарынды жас.

Аңсар болашақта кио­кушинкай каратэ бойынша өз клубын ашуды армандайды.

Жарыста достарыммен қарсылас болған сәттер кездесті. Бірде ең жақын досыммен финалда жолықтық. Мен жеңіп кеттім. Алайда екеуміз бір-бірімізді құттықтап, жеңісімізге бірге қуандық. Менің де жеңіліп қалған сәтім болды. Бірақ, достық қашан да биік тұрады. Өзіме спортпен айналысқан қатты ұнайды. Болашақта киокушинкай каратэ бойынша өз клубымды ашқым келеді. Еліміздегі бұл спорт түрімен айналысатындардың ішінде тренерім Алена Тыщенконы үлгі тұтамын, – дейді Аңсар.

Сынып жетекшісі Бақытгүл Мейірманованың айтуынша, Аңсар сабақтан себепсіз қалмайды.

Жарыстарға баратын кезде ата-анасы алдын ала хабарласып, анықтамасын алып келеді. Спортты өте қатты жақсы көреді. Мектепте футбол үйірмесіне қатысады. Қандай тапсырма берсек те, жауапкершілігі мықты. Мінезі өте салмақты, бірқалыпты, турасын айтады. Әкесі – полиция қызметкері, анасы – аспаз. Екі әпкесі бар, үйдің кенжесі. Анасы мектепке келіп мұғалімдермен ашық сөйлесіп, баласының үлгерімін үнемі біліп отырады. Ал жарыстарға алып кететін кезде әкесі келіп сөйлеседі. Өте тәрбиелі отбасынан шыққан бала деп айтар едім, – дейді ұстазы.

Айзада Жайыққызы