Әртүрлі

Шымкентте субсидия алуға көмектесемін деген алаяқ ұсталды

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кезекші бөлімге бірнеше ауыл тұрғыны арызбен жүгінген. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел олардың сеніміне кіріп, сан соқтырып кеткен.

Қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімі жедел-тергеу тобын құрған. Жедел уәкілдер күдіктіні Шымкентте ұстап, одан әрі тергеу үшін аудандық бөлімге жеткізген.

-->

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кезекші бөлімге бірнеше ауыл тұрғыны арызбен жүгінген. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел олардың сеніміне кіріп, сан соқтырып кеткен.

Алаяқ әйел мемлекеттік бағдарламалардың бірі бойынша қайтарымсыз субсидия алуға көмектесемін деп уәде беріп, 300 мың теңгеге жуық ақшаны алып, ізін суытқан. Полиция бұл деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді, – делінген хабарламада.

Қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімі жедел-тергеу тобын құрған. Жедел уәкілдер күдіктіні Шымкентте ұстап, одан әрі тергеу үшін аудандық бөлімге жеткізген.

Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты, бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды, – деді полиция өкілдері.