Әртүрлі

Ақтөбелік жігітті ғаламторда танысқан «қызы» үш млн теңгеге алдап кеткен

Күдікті ғаламторда жалған атпен профиль ашып, жәбірленушімен танысқан. Кейін ол түрлі себептермен ақтөбелік жігіттен қарызға ақша алып отырған. Осылайша, екі ай ішінде күдікті 26 жастағы жәбірленушіден үш млн теңге алған.

Ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

-->

Полиция қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Жас жігіт бұл әрекетін мойындады. Ол әлеуметтік желіде қыздың атын пайдаланып, профиль ашып, әртүрлі сылтаулармен жәбірленушіден қарызға ақша сұрағанын айтты, - делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті ақтөбеліктерге қырағы болуды, алаяқтық фактілерінің алдын алу мақсатында өз ақшалары мен бағалы заттарын бейтаныс адамдарға бермеуді ескертеді. Сондай-ақ банкинг қызметтеріндегі құпия сөздерді үнемі өзгертіп отырыңыз, төлем жүйелерінде бар қауіпсіздік шараларын қолданыңыз, - делінген өңірлік ПД хабарламасында.