Әртүрлі

Қазақтілді контентті дамыту қажет – Асқар Умаров

Министр өз баяндамасында 2022 жылы министрліктің барлық бағыттары бойынша жұмыс ақпарат саласын дамыту және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталатынын атап өтті.

Министрдің айтуынша, қоғамнан келіп түсетін барлық сындарлы ұсыныстар назардан тыс қалмайды және министрлік пен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан егжей-тегжейлі зерделенеді.

-->

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылы ауқымды жұмыс атқарды. Сонымен бірге, заман өзгерісіне сай Мемлекет басшысы мен Үкімет министрліктің басым бағыттарын жаңа форматта іске асыруды тапсырды, - деп атап өтті Асқар Умаров.

Министр өз баяндамасында 2022 жылы министрліктің барлық бағыттары бойынша жұмыс ақпарат саласын дамыту және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталатынын атап өтті.

Медиа мамандардың біліктілігін дамытуға, халықтың медиа және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған 2022-2023 жылдарға арналған арнайы оқыту жоспарын іске асыру жоспарлануда. Қазақстандық интернет-сегментті дамыту биылғы басым бағыттардың бірі болады. Қазақтілді интернет-ресурстарды, мультимедиялық контентті және онлайн-платформаларды да дамыту қажет, – деді министр.

Министрдің айтуынша, қоғамнан келіп түсетін барлық сындарлы ұсыныстар назардан тыс қалмайды және министрлік пен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан егжей-тегжейлі зерделенеді.