Әртүрлі

Астаналық әуежай былтыр 5 млн-ға жуық адамға қызмет көрсетті

Сондай-ақ оның айтуынша, былтыр жүк тасымалының көлемі де едәуір артқан. Өңделген жүк көлемі 2021 жылы 48%-ға өскен. Бір жылдың ішінде 29 мыңға жуық рейс жасалған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 55%-ға көп.

-->

Халықаралық рейстердің қысқарғанын ескерер болсақ, бұл – өте жақсы көрсеткіш. Былтыр ішкі рейстер бойынша саяхаттайтын жолаушылар саны айтарлықтай, яғни 22,4%-ға өсті, - дейді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма басшысы Ғабит Тәжімұратов.

Сондай-ақ оның айтуынша, былтыр жүк тасымалының көлемі де едәуір артқан. Өңделген жүк көлемі 2021 жылы 48%-ға өскен. Бір жылдың ішінде 29 мыңға жуық рейс жасалған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 55%-ға көп.

2021 жылы біз 3 мыңнан аса рейске қызмет көрсетіп, ұшақтарды авиакеросинмен толтыру көлемін айтарлықтай арттырдық. 2021 жылы 250 мың тоннадан астам авиакеросин құйдық. Әуежай кірісінің 65%-ынан астамы жүк транзиттік рейстерге қызмет көрсету есебінен түсті. Осы кірістің арқасында біз дағдарыс кезеңін еңсере алдық, - дейді әуежай басшысы.