Әртүрлі

Алматыда тұрғындардан 25 млн теңге алған алаяқ ұсталды

Белгілі болғандай, 44 жастағы күдікті әйел қала тұрғындарын тұрмыс жағдайын жақсартуға көмектесемін деп алдаған.

Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахмановтың сөзінше, әйел тұрғындарға жер телімдерін, пәтерлерді және басқа да жылжымайтын мүлікті нарықтан төмен бағаға сатып алуды ұсынған. Ұтымды бағаны пайдаланып қалғысы келгендер де көп болған.

-->

Күдікті екі миллион теңгеден жеті миллион теңгеге дейінгі алғашқы жарнаны алып, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта оның осындай 14 алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды. Жалпы материалдық шығын 25 миллион теңгеден асады. Әйел бұрын сотты болмаған, бірақ полиция оның басқа қылмыстық эпизодтарға қатысы барын жоққа шығармайды, – деп жазды Р. Әбдірахманов Instagram-дағы парақшасында.