Әртүрлі

Шымбұлақта жортып жүрген қар барысы туралы Зоология институтының өкілі пікір білдірді

Оның айтуынша, қар барысы кезіккен аумақ оның тарихи өмір сүру ортасы болып есептеледі, ол бұдан бұрын да сол жерді мекендеген, қазір де сонда жүреді, бірақ урбанизацияның қарқын алуы себебінен оның мекені болып саналатын жерлер біртіндеп қала аумағына қосылып жатыр.

Сондай-ақ орталық жетекшісі қар барысының Шымбұлақта, жұрт көзіне түсетін жерде жүруін жақсы ырымға балады.

Бірақ, маманның айтуынша, қар барыстарының бұлай асфальтталған жолдар маңында жүруі қауіпті болуы мүмкін, өйткені олар көбіне түнде жортатындықтан, жүргізушілер оны байқамай, көлікпен қағып кетуі ықтимал. Ал жануарлар адаммен бетпе-бет кездесіп қалса, ешқашан бірінші болып шабуылдамай, көбіне қашып кетеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Шымбұлақта қар барысы тұрғындардың көзіне түсіп қалды (ВИДЕО)

-->

Кезінде қар барысы Алматы қорығы мен Іле Алатауы ұлттық паркі арасында көшіп-қонып жүретін. Ендігі уақытта Кіші Алматы өзені маңында инфрақұрылымдар салына бастағаны оның бұл әрекетіне кедергі туғызады, – дейді маман.

Сондай-ақ орталық жетекшісі қар барысының Шымбұлақта, жұрт көзіне түсетін жерде жүруін жақсы ырымға балады.

Жалпы, бұл – жақсылықтың нышаны. Бәлкім, бұл урбанизацияның қарқын алуына қарамастан, барыстың миграциялану жолдары толықтай бұзылмағанын білдіруі мүмкін. Алайда бұл мәселені толық зерттеу керек. Қазір – қар барыстарының шағылысатын уақыты, ол шамамен наурыз айының ортасына дейін созылады. Мұндай шақтарда жануарлардың көшіп-қонуы жиілеп, адам жүретін аумақтарға кіріп кетуі мүмкін, – деді А. Грачев.