ШҚО-да 178 келі балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының инспекторлары бірлесіп, Бұқтырма су қоймасында рейд жүргізді.
-->ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының инспекторлары бірлесіп, Бұқтырма су қоймасында рейд жүргізді.
Соның нәтижесінде, заңсыз балық аулаған Көкпекті ауданы Самар ауылының 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан 178 келі «Рипус» балығы, 100 метрлік екі тор, күрек пен шана тәркіленді. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1 миллион теңгеде асады, - делінген хабарламада.