Әртүрлі

Сенатор «Дипломмен ауылға» бағдарламасын өзгертуді ұсынды

Ол еліміздің Премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында бірқатар нақты шараларды да атап көрсетті.

Бұл жобаның тиімділігіне тоқталған сенатор, бағдарламаға қатысушылардың кейіннен ауылда тұрып жатқанын айта келе, кадр тапшылығы мәселесі әлі де өзекті болып отырғанын алға тартты.

Сондай-ақ, депутат Ұлттық экономика министрлігі жүргізіп жатқан тәжірибені де назардан тыс қалдырмады.

Атап айтқанда бағдарламаға бөлінетін қаржы көлемінің қысқарғанына тоқталды.

Бұл көбінесе жобаға қатысушылардың тиісті төлемдерсіз қалуына әкеледі.

-->

Орналасқан мамандар білім саласына, денсаулық сақтау саласына тиесілі. Проблемалық мәселелер де баршылық. Біріншіден, мәдениет, спорт, әлеуметтік, агроөнеркәсіп салаларына орналасқан мамандар саны өте аз, - деді сенатор.