Елордада 5 млн теңгені қолды қылған алаяқ ұсталды
Белгілі болғандай, алаяқ 60 жастағы азаматқа өзін банк өкілі ретінде таныстырып, 5 млн 250 теңге қаражатын алып қойған.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 бабы 3 тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
-->

Полицияға қала тұрғыны шағымданып, телефон арқылы банк қызметкерімін деп хабарласқан бейтаныс адамның алдау арқылы 5 млн 250 теңге ақша қаражатын алып қойғандығына арыз түсірді. Есіл аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласында алаяқтық жасау күдігімен 31 жастағы жігіт ұсталды. Күдіктіден 10 банк картасы тәркіленді. Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар өзге де адамдарды табу, алаяқтардан басқа да зардап шеккендерді анықтау бағытында тергеу іс-шаралары қолға алынды, – делінген хабарламада.