Ит пен мысығын тіркемеген азаматтар айыппұл арқалайды
Зоя Пабликова есімді тұрғынның 30-ға жуық мысығы мен 10 шақты иті бар. Ол үй жануарларына чип орнатуға қарсы болмаса да, мұны қалтасы көтермейтінін айтады.
Экология министрлігінің мамандары жануарларға орнатылатын чиптің олардың қайда жүргенін тез анықтауға көмектесетінін айтады. Шприц арқылы салынатын сұйықтық тері мен ет арасында тұрады. Оны жануар иесі өз қаражатына орнатады. Иесі жайлы ақпарат беретін құрылғыдан бөлек тағы болюстер арқылы орнатса болады.
Жануарларды тіркеу 2023 жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Оларды иелері бір жыл ішінде чиптеуі керек. 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап чип орнатылмаған жануар иесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
-->

Жануарларға қатысты енгізілген заңды қолдаймын. Бірақ маған үйдегі барлық жануарды бірден тіркеу ауыр, ақшам жоқ. Бұлай ит пен мысықты көп асырап отырған мен ғана емес. Сол себепті экология министрлігі өз есебінен чип орнатып берсе екен дейміз, – деді Петропавл тұрғыны Зоя Пабликова.
Экология министрлігінің мамандары жануарларға орнатылатын чиптің олардың қайда жүргенін тез анықтауға көмектесетінін айтады. Шприц арқылы салынатын сұйықтық тері мен ет арасында тұрады. Оны жануар иесі өз қаражатына орнатады. Иесі жайлы ақпарат беретін құрылғыдан бөлек тағы болюстер арқылы орнатса болады.
Министрлік үй жануарларын есепке алу ережелерінің жобасын әзірледі. Оның шеңберінде ит пен мысық міндетті есепке алынатын жануарлар түріне жатады. Ал үй жануарларының басқа түрлеріне келетін болсақ, оларды тіркеу ерікті түрде жүргізіледі. Сондай-ақ төрт түлік мал яғни, ауыл шаруашылығы жануарларына жататын болғандықтан экология министрлігінің құзыретіне кірмейді, – деді Экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Мақсат Насыр.