Павлодарда жол үстінде кино көрген 71 автобус жүргізушісі жазаланды
Полицейлер көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Тек жеті күннің ішінде жолаушылар таситын көлік жүргізушілерінің 400-ден астам ЖҚЕ бұзушылығы анықталды.
Маневр ережелерін бұзғаны үшін 90 жүргізуші жазаланды, көлік басқарып келе жатып телефоннан кино көрген 71 жүргізуші анықталды. Көбісі техникалық тексеруден өтпеген және автобусты заңсыз қайта жабдықтаған.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері 244 автобустың техникалық сәйкестігін тексерді.
«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы 2 наурызда аяқталады, осыған байланысты полиция автобустар мен маршруттық такси жүргізушілерін жол жүру ережелерін бұзбауға, жолаушылармен сыпайы болуға, рульде қырағы болуға және жолдарда өзара құрмет көрсетуге шақырады.

Нәтижесінде, түрлі бұзушылықтар үшін мамандандырылған айыппұл тұрағына 23 автобус орналастырылды, сондай-ақ 28 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.