Ақтөбеде тұрғындарды несие алуға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды
Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев айтуынша, криминогендік жағдайды талдау облыс орталығында бопсалау жиілеп кеткенін көрсетті.
Оның айтуынша, ішкі істер органдары осындай жағдайлардың бәрінде тауарды өз еркімен сатып алу негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған.
-->
Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев айтуынша, криминогендік жағдайды талдау облыс орталығында бопсалау жиілеп кеткенін көрсетті.
Соталды тергеу барысында бір топ жастар 18 жасқа толған ерлерді тоқтатып, қорқытып-үркітіп, шағын несие беру ұйымдарынын бірнеше ұялы телефон сатып алуға мәжбүрлегені анықталды. Содан кейін олар тауарды сатып, қаражатты өзара бөліскен, – деді Ж. Дәулембаев.
Оның айтуынша, ішкі істер органдары осындай жағдайлардың бәрінде тауарды өз еркімен сатып алу негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған.
Алайда қабылданған шешімдердің заңдылығын зерделеу нәтижелері бойынша прокуратура мұндай шешімдерді бекітуден бас тартты, себебі жәбірленушілер мен күдіктілер бұрын бір-бірін танымаған, тауарлық несие күш қолданумен алынған. Қосымша тергеу қорытындысы бойынша аудан прокуратурасы процессуалдық шешімдерді келісіп, үш топқа қатысты айыптау актісін бекітті. Алты адамнан тұратын топтардың бірінде кәмелетке толмағандар бар, – деді ол.