Әртүрлі

Ұшақта электронды темекі тартқан елордалық әйелге айыппұл салынды

ІІМ Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиевтің айтуынша, Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне AirAstana әуе компаниясының өкілдерінен Дубай – Нұр-Сұлтан рейсінің жолаушылары арасында құқық бұзушы бар екені туралы хабарлама түскен.

-->

Тексеру барысында көлік полицейлері ұшақта электронды темекі шеккен 46 жастағы азаматшаны анықтады. Көліктегі полиция қызметкерлері оған қатысты  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабының 1-2 бөліктері (Әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 50 АЕК көлемінде айыппұл салды, – деді О. Бекиев.