Әртүрлі

Қазақстаннан Украинаға әуе рейстері 7 наурызға дейін тоқтатылды

Қазақстандық әуекомпания Украина әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынуына байланысты мәлімдеме жасады. 

Осыған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Украинаның әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынғанын жариялады. 

-->

Украина әуе кеңістігінің жабылуына байланысты "Эйр Астана" бүгіннен бастап Киевке қатынайтын рейстерді 2022 жылдың 7 наурызына дейін тоқтатады. Қайта брондау тегін және 2022 жылдың 22 ақпан мен 7 наурыз аралығына алынған билет ақысын қайтарып алу мүмкіндігі 31 наурызға дейін жүзеге асырылады. Жолаушыларға SMS-хабарлама жіберілді. Киевке рейстер туралы ақпаратты airastana.com сайтынан тексеруді сұраймыз, - делінген хабарламада.