Әртүрлі

Қазақ жігіттерінің бағын ашқан өзге ұлттың арулары кімдер

Бұл Мәрия. Орыстың қызы қазақтың қара домалақ жігіті Бақытжанмен мектеп бітіру кешінде танысқан. Кейін олардың достығы, махаббатқа ұласады. Жігіттің ата-анасы Мәрияны бірден ұнатып оны Маша деп еркелетіп кеткен. Ол қазақтың салт-дәстүрін берік ұстанады. Мәрия мен Бақытжан Instagram-дағы танымал жұптардың бірі. Жас жұбайлар қазір екі бала тәрбиелеп отыр.

Жұрт Лияны Tik-Tok арқылы жақсы таниды. Лияның ұлты афро-америкалық. Ол жақында қазақ отбасына келін болып түскен. Лия күнде таңертең ерте тұрып аула сыпырып, енесіне шәй демдейді. Ол енесінен қазақ салт-дәстүрін үйреніп жүр. Лия өзін «қазақтың аппақ келіні» деп атайды. Желіде 45 мыңға жуық оқырманы бар.

Ал бұл келіннің есімі Любовь Мұханова. Ұлты — орыс. Орыс қыздың қазақшасы судай. Любовь TikTok желісінде аса танымал. Әділ орыс қызды бір көргенде сұлулығына көзі түсіп, ғашық болады. Екеуі бірнеше жыл қыз бен жігіт ретінде араласып жүреді. Кейін қазақ жігіті 18 жасқа толған Любовьты алып қашады. Орыс келін қазір қазақ тілі мен салт-дәстүрді үйреніп жүр. Әрбір үйренген ісін әлеуметтік желіде бөлісіп отырады.

Анжела және Арман

Биыл Арман және Анжеланың отау құрғанына 13 жыл толды. Анжеланың ұлтын нақты орыс дей алмаймыз. Себебі, оның қанында бес ұлттың қаны бар. Ол орыс, украин, түрік, еврей және беларусь. Алғаш рет екеуі университетте танысқан. Екі жылдан кейін отау құрған. Жас жұбайлардың әзірге балалары жоқ.

-->