Әртүрлі

Елімізде мал мен құс саны көбейіп келеді

2021 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара мал басы 8,2 млн басты құрады, бұл 2020 жылдың деңгейінен 4,3% артық, қой мен ешкі басы 4% (20,9 млн бас), жылқы басы 10,5% (3,5 млн бас), түйе басы 6,9% (243,4 мың бас) ұлғайды. Шаруашылықтардың барлық санаттарында құс саны 10,6%-ға, 47 787,4 мың басқа дейін өсті.

Сәйкесінше мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде: ет – 5% және сүт – 3,2% ұлғайып отыр.

Мал азығымен қамтамасыз ету саласында 2022 жылға 24,2 млн тонна шөп, 1,6 млн тонна пішендеме, 2,0 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 5,2 млн тонна құнарлы жем дайындалды.

Бұл ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтарында мал басын қысқы кезеңге азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

-->