Цифрлық құжаттарды Қазпошта бөлімшелерінде пайдалануға болады
«Қазпошта» АҚ клиенттері еліміздегі барлық бөлімшелерде сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту кезінде цифрлық жеке куәліктерді пайдалана алады. Жоба Қазпоштаның пошта қызметтері үшін пилоттық режимде іске қосылды.
Жаңа қызметті пайдалану үшін: - eGov mobile мобильдік қосымшасында авторизациядан өту;
- «Қызметтер» бөліміндегі «Цифрлық құжаттарды таңдау»;
- Қажет құжатты таңдаңыз;
- Құжатқа «Қол жеткізуді ашу» түймесін басу;
- «Қазпошта» АҚ операторына алты таңбалы қысқа кодты хабарлау қажет.
Операторлар өздерінің деректер базасына бірегей қысқа кодты және жүйе клиенттің жеке басын куәландыратын құжатты автоматты түрде жүктейді.
Клиентті сәйкестендірудің бұл механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тараптардан түскен алаяқтықтың алдын алады.
Цифрлық құжаттарды пайдалану Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Қазпошта» АҚ ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында мүмкін болды.
Атап өткен жөн, қазіргі уақытта eGov mobile мобильдік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі 18 құжаттан тұрады, олардың ішіндегі ең танымалдары: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік.
Бүгінгі таңда цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайларында, «ҚТЖ» АҚ теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу кезінде, «Отбасы банк» АҚ, Beeline бөлімшелерінде, сондай-ақ ЕДБ мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.
-->«Қазпошта» АҚ клиенттері еліміздегі барлық бөлімшелерде сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту кезінде цифрлық жеке куәліктерді пайдалана алады. Жоба Қазпоштаның пошта қызметтері үшін пилоттық режимде іске қосылды.
Жаңа қызметті пайдалану үшін: - eGov mobile мобильдік қосымшасында авторизациядан өту;
- «Қызметтер» бөліміндегі «Цифрлық құжаттарды таңдау»;
- Қажет құжатты таңдаңыз;
- Құжатқа «Қол жеткізуді ашу» түймесін басу;
- «Қазпошта» АҚ операторына алты таңбалы қысқа кодты хабарлау қажет.
Операторлар өздерінің деректер базасына бірегей қысқа кодты және жүйе клиенттің жеке басын куәландыратын құжатты автоматты түрде жүктейді.
Клиентті сәйкестендірудің бұл механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тараптардан түскен алаяқтықтың алдын алады.
«Цифрлық құжаттар» сервисі азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие, бүгінгі таңда пайдаланушылар саны 6,4 млн адамды құрайды. Бұл сан күн сайын өсіп келеді және біз бұл қызметті өмірдің барлық салаларына енгізуге тырысамыз. Енді «Қазпошта» клиенттерінің де осы ыңғайлы сервисті пайдалану мүмкіндігі бар. Біз цифрлық трансформация азаматтар үшін де, бизнес үшін де көптеген бизнес-процестерді жақсартып, жеңілдеткеніне қуаныштымыз,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Цифрлық құжаттарды пайдалану Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Қазпошта» АҚ ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында мүмкін болды.
Сервис арқасында «Қазпошта» клиенттерінің бөлімшелерінде жеке деректерді растау үшін eGov mobile қосымшасы арқылы жеке басын куәландыратын цифрлық құжатты көрсету мүмкіндігі пайда болады. Бұл біздің клиенттерімізге сәлемдемелерді қабылдауды және беруді айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені көбінесе барлық клиенттер бөлімшеге жеке куәліктің түпнұсқасымен келмейді, ал смартфон әрқашан өзімен бірге болады. Сонымен қатар, цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігін енгізумен «Қазпоштаға» жеке куәліктердің көшірмелерін алудың және сақтаудың қажеті жоқ, бұл қағаз матердарының шығынын айтарлықтай оңтайландырады,- деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Серік Саудабаев.