Әртүрлі

Мексикадағы мейрамханалардың бірінде атыс болып, екі адам қаза тапты

Белгілі болғандай, тағы бір азамат жарақат алған. Оқиға туристер көп келетін мейрамханада орын алды. Белгісіз біреу келушілерге оқ жаудырып, артынша ізін суытып үлгерген. Қазір аталған азамат іздестірілу үстінде. Құқық бұзушының бұл қадамға не себептен барғаны белгісіз. Болжам бойынша жауласқан қылмыстық топтардың арасында жанжал туған көрінеді. Мерт болғандардың кім екені әзірге хабарланбады.

-->