Қазақстанда әкімшілік өндіріс бойынша өтініштерді қабылдау сервисі іске қосылды
Өтініштер Qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы шағымдар» қосымша бетінде беріледі.
Айта кету керек, өтінішті тек электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) жүйеге кіре отырып, әкімшілік процеске қатысушы ғана бере алады. Өтінішті сақтағаннан кейін ол ӘІЖТ ақпараттық жүйесіне мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына түседі.
Функционалдылық мәселенің мәнін баяндауға және іс бойынша қосымша материалдарды қосуға мүмкіндік береді. Қарау нәтижелері өтініш берушінің е-mail электронды поштасына, сондай-ақ ұялы телефон нөміріне жіберіледі.
Авторизациялау және шағым беру бойынша пайдаланушының қадамдық нұсқаулары әкімшілік іс жүргізу шеңберінде ақпарат алуға арналған Qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінде қолжетімді.
Қатысушылар әкімшілік іс жүргізуді қарау немесе шағымдану кезінде іс материалдарымен, сондай-ақ фото-бейне жазба құралдарымен тіркелген бұзушылықтар туралы нұсқамалармен және іске қоса берілген файлдарды жүктеп алу мүмкіндігімен таныса алады.
-->Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Әкімшілік процеске қатысушылар үшін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің (ӘҚБТ) мемлекеттік секторы арқылы кері байланыс функциясын енгізді. Бұл функция процеске қатысушылардың ыңғайлылығы мен уақытын үнемдеу үшін жасалған. Оның көмегімен сіз әкімшілік іс бойынша өтініш немесе шағымды (жүгінуді) тікелей оны қараған органға беріп, уақытылы жауап ала аласыз, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.