Субсидиялау бойынша тегін бірыңғай ақпараттық жүйе әзірленеді
ҚР Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың сөзінше, субсидиялаудың жаңа жүйесіндегі басты жаңалықтардың бірі – оны цифрлық форматқа ауыстыру, бүгінде субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірлеу аяқталады.
Бұл жүйе фермерлер үшін тегін болады және барлық негізгі мемлекеттік дерекқорлармен біріктіріледі. Жүйенің барлық іс-қимылдары автоматтандырылып, бұл субсидияларды бөлу және беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
-->ҚР Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың сөзінше, субсидиялаудың жаңа жүйесіндегі басты жаңалықтардың бірі – оны цифрлық форматқа ауыстыру, бүгінде субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірлеу аяқталады.
Оның негізгі қызметі – автоматты режимде субсидия алушылардың тізілімін қалыптастыру, олардың ЭҚЖЖ бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер санатына сәйкестігін тексеру, субсидия алушылардың қарсы міндеттемелерін тіркеу және олардың орындалу дәрежесін, субсидия алу кезегі мен қанағаттандырылмаған өтінімдерді күту парағын бағалау болады, - деді А. Сапаров.