Өзін полицей ретінде таныстырып, жұртты тонаған алаяқ ұсталды
Жетісу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 21 жастағы У. есімді азаматтың іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қаралған.
Қазіргі уақытта оның жеті алаяқтық, екі тонау және бір пәтер ұрлығына қатысы бар екені дәлелденді.
-->Жетісу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 21 жастағы У. есімді азаматтың іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қаралған.
Жалға алған көлікке мінген жас жігіт көшеде жасөспірімдерді тоқтатып, заттарын көрсетуді талап етіп, түрлі сылтаулармен ұялы телефон, ақша және басқа да бағалы заттарды алып алған. Тағы бір жағдайда күдікті шағын дүкендерге барып, азық-түлік алып, келесі күні ақшаны әкелуге уәде берген. Жас жігіт бір тәулікке пәтер жалдап, кейін сол пәтерді тонап кеткен, – дейді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.
Қазіргі уақытта оның жеті алаяқтық, екі тонау және бір пәтер ұрлығына қатысы бар екені дәлелденді.