Жамбылда 2 млн теңгенің балығын заңсыз сатпақ болған
17 ақпан күні жедел рейдтік іс-шара өткізу барысында Тараз қаласындағы «ИРС» сауда кешені маңында 303 кг сазан балығын сатпақ болған азамат анықталды. Тексеру барысында онда балықтың заңдылығын дәлелдейтін құжаттар болмады.
Заңсыз ауланған балық тәркіленіп, ҚР ӘҚБтК 389-бабына сәйкес тиісті хаттама толтырылды. Іс Тараз қаласының арнайы мамандандырылған әкімшілік сотына әкімшілік шешім қабылдау үшін жолданды.
1988 жылғы азамат өзінің заңсыз іс-әрекеттерімен табиғатқа 1 821 839 теңге көлемінде залал келтірді. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
-->17 ақпан күні жедел рейдтік іс-шара өткізу барысында Тараз қаласындағы «ИРС» сауда кешені маңында 303 кг сазан балығын сатпақ болған азамат анықталды. Тексеру барысында онда балықтың заңдылығын дәлелдейтін құжаттар болмады.