Қазақстандықтар қандай смартфон брендін көбірек жақсы көреді
StatCounter дерегіне сүйенсек, биылғы қаңтарда әлемдегі ең танымал ұялы телефон Apple болған. Компанияның әлемдік нарықтағы үлесі 29,5%-ды құрайды.
Екінші орында Samsung компаниясы тұр, оның нарықтағы үлесі – 27,2%. Үшінші орында – Xiaomi, оның нарықтағы үлесі – 11,5%.
Ал Қазақстанда Samsung бренді ұялы телефондар нарығында көшбасшы болып тұр: оның нарықтағы үлесі 36,1%-ды құрайды. Былтыр бұл көрсеткіш 41% болған.
Екінші орында Apple келеді: алма-брендтің нарықтағы үлесі – 26,6%, бір жыл бұрынғы көрсеткіш 20% болған.
Үшінші орында Xiaomi тұр, нарықтағы үлесі – 17%, 2021 жылғы қаңтардағы көрсеткіш – 15,2%.
Сондай-ақ үздік бестікке Oppo және Huawei компаниялары да енді.
-->StatCounter дерегіне сүйенсек, биылғы қаңтарда әлемдегі ең танымал ұялы телефон Apple болған. Компанияның әлемдік нарықтағы үлесі 29,5%-ды құрайды.