Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше балалары бар отбасыларға қолдау көрсетті
Кездесу жылы атмосферада өтті. Тележүргізуші қазіргі қоғамда ерекше балаларға деген көзқарастың өзгеруі керектігін және оған ел алдында жүрген азаматтар ықпал етуі қажеттігін айтты.
Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі – көпбалалы ана. Оның төрт перзенті бар. Бірнеше жыл бұрын ұлы Нарұлдың жүрегіне күрделі ота жасалыпты. Актриса баласының қиналғанын көру өте қиын екенін мойындады.
Айта кетейік, «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қоры ерекше қажеттіліктері бар бала тәрбиелеп отырған 500-ден астам отбасын біріктіреді. Бұл ұйымның қамқорлығындағыларға материалдық, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетіледі. Оның ішінде азық-түлік себеттері, кәсіпкерлік курстарын тегін оқыту немесе жұмысқа орналастыру секілді шаралар бар.
-->Кездесу жылы атмосферада өтті. Тележүргізуші қазіргі қоғамда ерекше балаларға деген көзқарастың өзгеруі керектігін және оған ел алдында жүрген азаматтар ықпал етуі қажеттігін айтты.
Мен қоғамның дені сау адамдар мен мүгедектерге бөлінбегенін қалаймын. Әркімнің тең құқықтары мен мүмкіндіктері болуы керек. Бұл мәселеде танымал тұлғалар – депутаттар, блогерлер, эстрада жұлдыздары маңызды рөл атқара алады. Ортақ күш-жігерімізбен біз осындай ерекше балалар тәрбиелеп отырған аналарға өзекті мәселелер мен проблемаларды шешуге көмектесе аламыз деп ойлаймын, – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі – көпбалалы ана. Оның төрт перзенті бар. Бірнеше жыл бұрын ұлы Нарұлдың жүрегіне күрделі ота жасалыпты. Актриса баласының қиналғанын көру өте қиын екенін мойындады.
Ол «Мама, тұншығып барамын, көмектесші!» дегенінде өзімді қоярға жер таппадым. Алла Тағала біздің балаларымызды қорғасын, – деді актриса.