Әртүрлі

Республикалық автожолдарда су тасқынына дайындық шаралары басталды

Сонымен қатар су өткізу құбырлары мен көпірасты аймақтардың арналарын қардан тазарту жұмыстары басталды.

-->

Бұдан басқа, жол қызметтері өкілдерінен орталықта және өңірлерде комиссиялар құрылды. Жоспар аясында 482 қауіпті жол учаскесі, 59 көпір және 739 су өткізу құбыры бақылауға алынды. Объектілерге 883 жол-пайдалану техникасы бекітілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жолдар мен жол құрылыстарына күнделікті патрульдеу жүргізіледі, – делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар су өткізу құбырлары мен көпірасты аймақтардың арналарын қардан тазарту жұмыстары басталды.