Әртүрлі

Қазақстанда автобөлшектер шығаратын зауыт ашылады

Үкімет отырысында ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев отандық кәсіпорындардың автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасы өндірістерін жергіліктендіру туралы уағдаластықтарды орындауына қатысты тексеріс жүргізгенін мәлімдеді. Сарапшылар Алматы, Қостанай және Орал қалаларындағы 3 зауытты аралады.

Бұдан басқа, шағын торапты құрастыру және компоненттерді (айналардың корпустары, бамперлер, доңғалақ дискілері, шиналар және т.б.) өндіру бойынша міндеттемелерге баса назар аудару үшін өнеркәсіптік жинау туралы барлық келісімге талдау жүргізетінін хабарлады. Басқаша айтқанда, преференцияларды алушы зауыттарға жиналатын техниканы Қазақстанда шығарылған бөлшектермен құрастыруды міндеттейді. Ол үшін жаңа өндірістер құру, мүмкін тәжірибелі шетелдік компаниялардың қатысуымен пысықтау қажет болады.

-->

Жергіліктендіру деңгейін арттыру үшін ИИДМ автокомпоненттерді өндіру бойынша қадамдық іс-қимыл жоспарын жасады. Сондай-ақ бірлескен өндіріс құру және инвестициялар тарту үшін сертификатталған жеткізушілерді тарту мәселесін пысықтап жатырмыз. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша Үкіметке осы жылдың мамыр айына дейін тиісті ақпарат енгізіледі, - деді министр.