13 млн долларлық жарнама, аспаннан түскен 50-Cent, миллениалдардың көз қуанышы: Супербоул-2022 несімен есте қалды
Жыл матчындағы жарнама қанша тұрады
Инглвудтағы (Калифорния) «Соу-Фай Стэдиум» стадионы көрерменге лық толды. Бұл – пандемия басталған соңғы екі жылдан бергі «Супербоулдағы» алғашқы солд-аут. Сондықтан PR-шылар сараңдық танытқан жоқ.
2022 жылғы Супер Кубоктың үзілісіндегі эфир уақықытының 30 секунды жарнама берушілерге 6,5 млн долларға түсті. Салыстыру үшін айтсақ, былтыр бұл сома 5,3 млн долларды құраған еді.
Өзіңді «Супербоулда» жарнамалау аудитория тарту жағынан ғана тиімді болып қоймайды, ол сондай-ақ әлемдік алпауыт брендтердің беделі мен статусын көрсетеді.
Чипс шығаратын Lay’s компаниясы «Супербоулға» 17 жылдан бері тұңғыш рет жарнамасын ұсынды. Роликтің ұзақтығы 1 минут екен, демек қытырлақ картоп бренді 13 млн долларымен (5 млрд 600 мың теңгедей) қоштасқан. Чипстің бір қорабы шамамен 400 теңге десек, әлгі роликтің шығынын жабу үшін компания 14 млн қаптама чипс сатуы керек.
Фото: жарнамалық роликтен скриншот
«Супербоулдағы» жарнама өнімнің сатылым көрсеткішін айтарлықтай арттыратыны белгілі болған. Мысалы, PepsiCo компаниясын алсақ, 2020 жылғы наурыз бен 2021 жылғы наурыз арасында (басты матчтағы жарнамадан соң) тіскебасарларды жеткізу көлемі 42%-ға өскен.
Супер Кубоктың ең басты мемі
Матчтың ортасындағы үлкен үзілісте дәстүрлі музыкалық шоу өтті, бұл жолы бір ғана орындаушы емес, америкалық хип-хоптың бірнеше өкілі өнер көрсетті. Олардың қатарында Эминем, Снуп Догг, Кендрик Ламар, Доктор Дре және Мэри Блайдж бар.
Фото: marca.com
Шоудың жұртты шулатқан қонағы 50-Cent болды: ол сахнаға басын жоғарыдан төмен қарай салбыратқан күйі шықты. Снуп Догг мен Доктор Дре өз шумақтарын айтып болғанша, бірнеше минут бойы ыңғайсыз қалыпта салбырап тұруға мәжбүр болған рэпер жайлы әлеуметтік желіде де бірнеше мем шықты.
Фото: Getty Images
«Сахнаға 50-Cent шыққанда»
«Снуп Догты күтіп, төбеде ілініп тұрған 50-Cent-тің түрі»
«Super Bowl кезінде өзінің сахнаға шығар сәтін күтіп тұрған 50-Cent»
Шоуды ың-шыңсыз өтті деуге де келмейді. Кейбір БАҚ-тың мәліметінше, «Супербоул» басталар алдында Эминем өзінің өнер көрсетуі барысында бір тізерлеп отыратыны жөнінде Ұлттық футбол лигасына ескерткен, бұл ишара расизм мен полицейлердің зорлық-зомбылығына қарсы күресті білдіреді (оны ең әуелі футболшы Колин Каперник қолданған). Ұлттық лига рэпердің бұл ескертуіне қарсылық білдірген, бірақ ол бәрібір «Lose Yourself» трекін орындау кезінде бір тізерлеп, әлгі ишараны жасайды.
Фото: The Guardian
«Снуп Догг 50 жаста»: көрермендердің жаңа ностальгиясы
«Супербоул» көрермендерінің көпшілігі үзілістегі шоуды тарихтағы үздік шоулардың бірі деп санады. Бірақ артынша олар бүкіл концерттің «жаңа ностальгия» сыйлағанын түсінді: өйткені өткен шақтың жұлдыздары бұл жолы енді олардың ата-анасын емес, өздерін қуанта бастаған еді.
«Super Bowl шоуын көріп отырған миллениалдар»
«Гуглдатып отырғандар үшін:
Доктор Дре: 56 жаста
Снуп Догг 50 жаста
50 Cent: 46 жаста»
«1985-1995 жылы туғандардың әрқайсысы Супер Боул шоуын көріп отырып, «Тамаша! Роллиң Стоунс немесе Пол Маккартни немесе Зе Худы шақырып, қарттарға арналған шоу жасаудың орнына бізге – жастарға арналған шоу жасапты» дейді де, 10 секунд өткеннен соң олардың санасына жетеді»
«Супербоуды» негізі «ересек миллениалдарға арналған шоу» деп атап кеткен. Көп компания өзінің роликтерінде 1990 жылдардың екінші жартысы мен 2000 жылдары танымал болған дүниелерге басымдық берді.
Мәселен, биылғы шоудағы жарнамаларда Леброн Джеймс 2003 жылғы образында, Джим Керри «The Cable Guy» рөлінде (1996 жылғы фильм), «Клан Сопраноның» (1999 жылы шыққан сериал) интросын еске түсіретін элементтер жылт етті.
-->Жыл матчындағы жарнама қанша тұрады