Көлік полициясы ұзақ уақыт бойы Нұр-Сұлтанда героин таратып келген қылмыстық топты құрықтады
Жедел іс-шаралар нәтижелері бойынша 5 есірткі сатушы – Нұр-Сұлтан қаласының 28-57 жас аралығындағы тұрғындары ұсталды.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталғандар УҰИ-ға қамалды. Алынған героиннің жалпы салмағы – шамамен 140 грамм.
Айта кету керек, бұл ауыр есірткінің аса ірі салмағы 1 грамнан басталады, оның заңсыз айналымы үшін мүлікті тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
-->Жедел іс-шаралар нәтижелері бойынша 5 есірткі сатушы – Нұр-Сұлтан қаласының 28-57 жас аралығындағы тұрғындары ұсталды.