Әртүрлі

Smart колонканың денсаулыққа қауіпті екені анықталды

Адамдардың мұндай ақылды колонканы сатып алуына Яндекс.Станцияның пайда болуы мен Google-дың динамиктері де әсер етті. Алайда бұл гаджеттердің қауіпті тұсын ойлай бермейміз.

IT-Reserve директоры Павел Мясоедовтың айтуынша, Smart колонка иесіне тікелей қауіп төндірмесе де, цифрлық гигиена ережелері сақталмаса, проблемалар болуы әбден мүмкін.

Сонымен бірге Павел Мясоедов жеке ақпараттың бүліну ықтималдығы аса жоғары емес екенін айтты. Дегенмен маман жеке ақпараттар өндірушілер мен олардың серіктестеріне жарнама үшін қажет екенін ескертіп отыр. Олар ақпаратты таргет жарнамасы үшін пайдалана алады.

-->

Өкінішке қарай, «ақылды» динамиктердің мәні – адамның жаһандық желіге үнемі қосылуын және ондағы ақпаратты әркез іздеуін қамтамасыз ету. Бұл дегеніміз жеке құпия әңгімелердің ашық болуына алып келеді. Мұндай гаджеттің қауіпті болу-болмауы өндірушіге және пайдаланушылардың жеке деректерін қорғауына тікелей байланысты, - деді Павел Мясоедов.