Әртүрлі

Қарызға алған 75 миллион теңгені құмар ойынға жұмсап жіберген

Белгілі болғандай, қарызға батқан азамат кейін жоғалып кеткен. Артынша азаматтың анасы жергілікті полицейлерге хабарласып, арыз жазған.

Табылған азамат қарызға алған ақшаларын қайтара алмағандықтан Алматы қаласына қашып кетуге мәжбүр болған.   

-->

Белгілі болғандай, қарызға батқан азамат кейін жоғалып кеткен. Артынша азаматтың анасы жергілікті полицейлерге хабарласып, арыз жазған.

Төлеби АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған ер азаматты табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел іздестіру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізді. Қала көшелерін тексеріп, фотосуретін көрсету арқылы тұрғындар арасында сұрастыру жұмыстарын жасады. Республика көлемінде тәртіп сақшыларына бағыттамалар жолданып, жоғалған жігіттің айрықша белгілері хабарланды. Жақындары мен туыстары, таныстары мен баруы мүмкін жерлер мұқият тексерілді. Іздеу жұмыстарына Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер жұмылдырылды. Осылайша іздеу жұмыстарына бір апта уақыт жұмсалды. Нәтижесінде, Түркістан полицейлері жоғалып кеткен жігітті Алматы қаласында жүрген жерінен тапты, – делінген хабарламада.

Табылған азамат қарызға алған ақшаларын қайтара алмағандықтан Алматы қаласына қашып кетуге мәжбүр болған.   

Баламның із-түзсіз жоғалып кеткеніне бірнеше күн болды. Өзіміз іздедік, таба алмадық. Содан полицейлерге хабарластық. Ал полицейлер баламды дер кезінде тауып берді. Полиция қызметкерлеріне үлкен рахметімді айтамын, – деп көзіне жас алды ұлымен қауышқан ана.