Тасбақалар қырылып жатыр
Қосмекенділер пластик қалдықтарды медузамен шатастырып, оларды шектен тыс көп жеп қояды. Организмге түскен қалдықтар олардың асқорыту органдарының жұмысын бұзады, соның кесірінен тасбақалар тамақ жей алмай қалады да, аштан өледі. Зерттеу кезінде тек бір тасбақаның өзінен 325 пластик бөлшек шыққан. Ғалымдардың айтуынша, көбіне жас тасбақалар тәжірибесіздігі себебінен пластик қалдықтарға ұрынады екен.
Жасыл және үлкен басты тасбақалар бүгінде әлем бойынша сирек кездеседі. Табиғатты қорғаушылар олардың жойылу қаупінің алдын алу үшін қолдан келгенді жасауда. Олар ауру тасбақаларды тауып алып, құтқарып жүр. Ғалымдар тасбақалардың бұлай қырылуы жергілікті экожүйеге аса зиян келтіретінін ескертеді.
-->Қосмекенділер пластик қалдықтарды медузамен шатастырып, оларды шектен тыс көп жеп қояды. Организмге түскен қалдықтар олардың асқорыту органдарының жұмысын бұзады, соның кесірінен тасбақалар тамақ жей алмай қалады да, аштан өледі. Зерттеу кезінде тек бір тасбақаның өзінен 325 пластик бөлшек шыққан. Ғалымдардың айтуынша, көбіне жас тасбақалар тәжірибесіздігі себебінен пластик қалдықтарға ұрынады екен.