Әртүрлі

«Қазақстанға синтетикалық қырыққабат әкелінеді» деген ақпарат жалған

Бұл видео желіде 2016 жылы шыққан. Ол көптеген елде кеңінен тарады және видео астында «Қытайда қырыққабат жасау» деп жазылып келді.

Балауыз салатты қолдан жасау процесінің видеосын YouTube-тен көруге болады. Ол Жапонияда Гудз қаласында түсірілген – бұл ультра шынайы тамақ үлгілерін жасау технологиясы пайда болған жер. Мұндай балауыздан жасалған өнімдер жапон мейрамханаларында витриналарды безендіру үшін қолданылады.

Желіде балауыздан жасалған азық-түлік муляждарын жасау барысы көрсететін басқа да роликтер бар.

Kotaku жапон порталы 2014 жылы мейрамханалар мен дүкендердің терезелерін безендіруге арналған балауыздан және басқа материалдардан жасалған фейк тағам туралы мақала жариялады. Сондай-ақ, авторлар мұндай өнімдер, оларды жасау процесінің фотосуреттері мен видеолары жалған ақпарат тарату үшін жиі қолданылатынын атап өтті.

-->