Беттегі әжім: Ботокс жайлы не білесіз
Осы ретте Информбюро тілшісі елордалық косметолог-дәрігер Жібек Тұңғышбаевамен әңгімелесіп, ботокс процедурасы туралы сұрады.
– Ботокс деген не? Ол тек маңдай мен көз айналасына ғана жасала ма?
– Ғылыми тілмен айтқанда, А типті ботулотоксин – бұлшықеттің жиырылуына жауапты жүйке-бұлшықет сигналын бұғаттап, бұлшықеттерді босаңсытатын нейропротеин. Оны маңдай, қас пен көз айналасына ғана емес, бетке де қолдануға болады. Сондай-ақ гипергидрозды, яғни қатты тершеңдікті емдеу кезінде мойын мен денеге де қолданылады.
– «Ботокстан кейін қас төмен түсіп кетеді» деген пікір көп таралған. Бұл қаншалықты рас?
– Иә, кейде мұндай жағдай болады. Оған үш себеп болуы мүмкін:
ботокстың дозасын мөлшертен тыс қолдану;
инъекцияны өте төменгі нүктелерге енгізу;
маңдай бұлшықетінің тым әлсіз және созылмалы болуы.
– Кімдерге ботокс жасатуға болмайды? Аллергия болуы мүмкін бе? Қандай қарсы көрсеткіштері бар?
– Антибиотикалық терапиядан өтіп жүрген, өте көп мөлшерде В тобы дәрумендерін, кураре тәрізді дәрілерді қабылдайтын адамдарға ботокс процедурасын жасауға болмайды. Ал аллергияға келсек, сүзгіден өткен судан басқасының бәрінен аллергия болуы мүмкін. Оның ішінде ботокс та бар. Дегенмен, ботокстың аллергия беруі өте аз кездеседі.
– Кей адамдарға ботокс мүлде әсер етпейді екен. Оның себебі неде?
– Жалпы, ботокс әсер етпейтін пациенттердің үлесі өте аз. Шамамен 1-2 пайызды ғана құрайды. Бұл сіреспеге қарсы сарысу қолданған жағдайда немесе ағзаның табиғи төзімділігіне де байланысты болуы мүмкін.
– Ботокс жасатқан соң нәтижесі ұнамай қалса, әсерін жойып, қалпына келтіруге бола ма?
– Иә, әрине. Прозерин, В дәрумендері, лимфомиозит инъекциялары, сондай-ақ, миостимуляторлық құрылғыларды қолдану арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде ботокс әсерін әлсіретуге болады.
– Бұл процедураны қай жастан бастап жасатуға рұқсат етіледі? Ал қай жаста тым кеш?
– Жас шектеулері жоқ. Жүйке жүйесі аурулары кезінде оны 2 жастан бастап, косметологияда – алғашқы әжімдер пайда бола бастаған жағдайда 18 жастан бастап қолдануға болады. Ал жасы үлкен адамдар үшін бұлшықет жағдайына қарау керек. Егер бұлшықет тым созылмалы, бос болса, ботокстан басқа әдістерді таңдаған дұрыс.
-->Осы ретте Информбюро тілшісі елордалық косметолог-дәрігер Жібек Тұңғышбаевамен әңгімелесіп, ботокс процедурасы туралы сұрады.