Әртүрлі

Алаяқтар «Қазақстан халқына» қорының атынан «жәрдемақы төлемек» болған

Тек демалыс күндері «Атамекен» ҰКП байланыс орталығына осындай шағымдармен 250 адам жүгінсе, дүйсенбі, 7 ақпанда осы тектес тағы 186 қоңырау түскен.

Өтініштердің бірінде Шымкент қаласының тұрғыны атаmekenim.kz сайтында көмекке өтініш беріп, барлық мәліметті толтырғаннан кейін экранда несиенің сәтті өңделгені туралы ақпарат пайда болғанын, содан кейін оған одан әрі ақшалай несие рәсімдеу туралы ұсыныспен бейнеқоңырау түскен.

Дәл осындай оқиға Өскеменде де болған. Онда қала тұрғынына электронды үкіметтің жалған порталы атынан SMS-хабарлама жіберіліп, одан кейін ақшалай көмек түрінде 1 166 000 теңге алу үшін жолданған SMS кодын атауды сұраған алаяқ телефон соққан.

Қордың әлеуметтік желідегі мессенджерлеріне «Қазақстан халқына» қоры атынан телефон соққан алаяқтар төлеуге уәде еткен 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыға қатысты сұрақтар келіп түскен.

Сондай-ақ мұндай алаяқтық фактілерін айтып, жерлестерін ескертіп жүрген қамқор жандарға алғысын білдірді.

-->

Қор мессенджерлер арқылы бейне немесе аудио қоңыраулар жасамайды. Жалғыз байланыс құралы – qazaqstanhalqyna.kz сайты және atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасы. Біз азаматтардың қауесеттерге сенбеуін және алаяқ ұйымдардың арандатуына берілмеуді сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа сеніңіз, – дейді «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Әлібек Әбділов.