«Сандықшаға бөлек салып қойыппын»: Гүлзира Айдарбекова отбасылық естеліктерін бөлісті (ФОТО)
Сөзінің соңында Г. Айдарбекова бес күн жалғанда тату-тәтті өмір сүріп, абыроймен қартаюды тілейтінін жеткізді.
-->Ескі суреттерді оқта-текте қарап қоясыздар ма? Осы суреттерді титтей сандықшаға бөлек салып қойыппын. Не деген зымырап жатқан уақыт десеңізші. Әрбір күнің тарих демекші, бір күніміз түгілі бір сағатымыз қайта келмейді, әр күніміз өз ерекшелігімен.Кейде жолдасым сұрап қояды, «Сол күндер қайта келсе маған тиер ме едің?» деп, мен Нұрекең қайтер екен деп «Жоқ та» деп қоямын. Сөйтсем, «Онда сен Қайратты тумайтын едің ғой» дейді. ...Мен де қалыспай, «Сен ше? Уақытты қайта артқа айналдырса кімге үйленуші едің?» десем, «Ойланбастан сені алушы едім» дейді. «Алла мені сенен сәл бұрын алсын, кейінге қалып қор болмайын» деп ер азамат болғасын қарт шағын да ойлап қояды, – дейді ол жазбасында.
Сөзінің соңында Г. Айдарбекова бес күн жалғанда тату-тәтті өмір сүріп, абыроймен қартаюды тілейтінін жеткізді.
Адам жасы келген сайын бір-біріне бауыр басып, оның үстіне балалар ортақ, уайым мен қуанышың, ақылдасатын тіршілік пен тірліктерің, ағайын мен достарың бәрі ортақ болған соң, ерлі-зайыптының өмірі де ортақ болып кетеді екен ғой. Бес күн жалғанда ит пен мысықша ырылдаспай, бір-бірімізді қадірлеп, ұрпағымыз аман болып, абыроймен бір жастықта қартаюды, Алла өзіме де, барша оқырмандарыма да жазсын! – деді ол.
«Сіздей ана бола алсам арманым жоқ», «Қосағыңызбен тең қартайыңыз», «Қайрат папасынан аумайды екен», «Күшті қалжыңдасып қояды екенсіздер» десті оқырмандар.