Әртүрлі

Алматы орталығынан қару-жарақ арсеналы табылды (ВИДЕО)

Қойма қаңтардың басында болған жаппай тәртіпсіздік ошағынан табылған.

-->

Қойма қаңтардың басында болған жаппай тәртіпсіздік ошағынан табылған.

Жедел іс-шараларды жүргізу барысында "Самал" ықшамауданында Мемлекеттік мұражайдың жанынан қызметтік-іздеуші ит арсенал қоймасын тапты. Жасырылған жерден травматикалық қарулар мен гранаталар тәркіленді. Жақын жердегі қоқыс жәшігінен патрондар табылды: 12 калибрлі - 19 дана, 7,62 калибрлі - 7 дана, 5,45 калибрлі - 4 дана. Оқ-дәрілер кімге тиесілі екені тексеру барысында анықталады, - дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.